Мың туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 18
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 13
Жаңылтпаштар: 2
Әңгімелер: 1

Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең, Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

«Қажыту» деген қинау, мазалау дегенді білдірсе керек. Ондай көп..
©  Гүлтас Құрманбай
Жүректіге жүзі де бір, мыңы да бір.
Бір түннің мың ұрысы бар.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Білегі жуан бірді жығады,
Білімі жуан мыңды жығады.
Бек алдында иіліп, көкірегін басқан қолдан,
Темір илеген білек мың есе артық.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
Бірдікі – мыңға,
Мыңдікі – сұмға.
Бара-бара мың болар,
Тама-тама көл болар.
Мың адам салған көпірді,
Бір адам бұзады,
Бір адамның жаққан отына,
Он адам жылынады.
Жын соққаннан
Мың соққан жаман.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Мың кәсіпке талпынсаң,
Бір кәсіптен айрыласың.
Мың істі қатар бастағаннан ақшаң көбеймейді.
Шындық – жалғыз,
Сұмдық – мың.
Бірдің кесапаты - мыңға, мыңдікі - түменге.
Мыңнан жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
Бірдің кесірі мыңға тиеді.