Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Өзім деген өзекке теппес.
Өз өлтірмес, жат жарылқамас.
Жорғаның қадірін желгенде біледі,Жақсының қадірін өлгенде біледі.
Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,Адам болар жігіт қарындасшыл келеді.
Қошқар болар қозының маңдайы дөң болар,Адам болар жігіттің маңдайы кең болар.
Құлан өз қағынан жерімейді.
Астамшыл қашан іркілмек,Бөседі көкті бөркім деп.
Тентек бала жайына қалай тұрар,Біреудің тауығының мойнын бұрар.
Шикі нан үгітілмейді.
Әр дауылпаздың үні әр қилы.
Шырмауықтың да ұшына шығасың.
Өлген қазыданТірі қазы артық.
Тесектен қарасаң да-сол,Есіктен қарасаң да-сол.
Қылдай сызат-құрудың басы.
Асқар таудың көлеңкесі алысқа түседі.
Ашты, жапты-көз көрді.Айтсаңшы не өзгерді?!
Көзсіз өз қоразын өзі ұрлар.
Қайрақ-қара темірді де жейді.
Көсеу ас үйде билейді.
Тегеші де тесік, қақпағы да жырық.
Қылмысына қарай жазасы,Еңбегіне қарай олжасы.
Бағынышты бол, жалынышты болма.
Түні бойы жоқтапты да жылапты,Таң атқанда: «Өлген кім?»-деп сұрапты.
Ойсыздың бәрі өркөкірек.
Үлессіз қалған өкпелі.