Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Өлгенге мола кеңдік қылмас
Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың, қатты айтсаң қатыныңа жақпайсың
Ер туған жерінде, ит тойған жерінде
Жауға жалынба, досқа тарылма.
Ер елін қорғайды, ел ерін қолдайды.
Бір адам таққа мінсе, қырық кісі атқа мінеді.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Талап - пендеден, қолдау - Тәңірден
Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
Нәрестенің бесігі — кең дүниенің есігі.
Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ
Төзімшіл болсаң, өзімшіл болма.
Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен.
Итіңнің дос болғаны қандай жақсы,
досыңның ит болғаны қандай жаман!
досыңның ит болғаны қандай жаман!
Қоян көлеңкесінен қорқады.
Ер бір рет өледі,
Ез мың рет өледі.
Ез мың рет өледі.
Қашқан жауға қатын да ер.
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
Үргедек бұрын өледі.
Өлі бураның басымен тірі атаңды қорқытпа.
У ішкен бір өледі,
Ант ішкен мың өледі.
Ант ішкен мың өледі.
Жау жоқта жарақ көп,
Жау келгенде таяқ та табылмас.
Жау келгенде таяқ та табылмас.
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.
Шапшаң жүрсең шаң жұқпас.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.