Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Күшті есіктен кірсе,Төре түңіліктен шығар.Зорлық-зомбылық есіктен кірсе, əдеп есіктен шығады. Зəлімді, Кумəчі, Күштіні Кучлук деп атау осыдан шыққан.
© Түркі халықтары
Қанды қанменен жумас.Бұл мақал жанжалды жанжалмен басуға болмайды. Адамдарды бір-бірімен келістіру, жарастыру қажет дегенді айтады.
© Түркі халықтары
Түйе мініп, қой арасына жасырынбас.Бұл мақал əшкере болған істі жасыруға болмайды деген ойды үндеп айтылады.
© Түркі халықтары
Қызмет тас жарар,Тас бас жарар.Бұл мақал қожайынынан жақсылық күтетін əрі оның жеңіске жетуі үшін көмектесетін қызметші адам қақында айтылады.
© Түркі халықтары
Жұпар қалтадан жұпар кетсе де, иісі қалар.Бұл мақал байлығы кеткенімен, ниеті қаз-қалпында қалады деп кеңпейілді, ақжүрек адамдарға арнайы айтылады.
© Түркі халықтары
Жаттың майлы бөкпенінен,Жақыныңның қанды жұдырығы жақсы.Бұл мақал жақын адамдардың арасы алшақтағанда, оларды жақындастыру үшін арнайы айтылады.
© Түркі халықтары
Жылан күзеннен қашар,Қайда барса да, күзенге тап болар.Бұл мақал өзін жек көретін нəрсеңнен қанша қашсаң да, бəрібір, алдыңнан ол қайталап келе..
© Түркі халықтары
Қаншалықты көнерсе де, кебенек жаңбырға жарар.Бұл мақал өзінің қол астындағы кісілердің бірі оны биліктен шеттетпек болған жағдайда, сол адамға арнап..
© Түркі халықтары
Қаралы күн тумай, Қаражалға көшпе. (Қаражал – Түрік елі мен Ферғананың ортасындағы асу).
© Түркі халықтары
Астың дəмі – тұз,(Тұзды) уыстап жемес.Бұл мақал адамдарды ынсаптыққа шақырып айтылады.
© Түркі халықтары
Тесік інжу (моншақ) жерде қалмас.Бұл мақал кəнизектер де (күңдер де) жерде қалмайды. Оларға да үйленетін жігіттің табылатынын ескертеді.
© Түркі халықтары
Жібек жамау жібекке (жарасар),Бөз жамау бөзге (жарасар).Бұл мақал əрқандай зат өзінің тегіне қарай жіктеледі деген ойды насихаттайды.
© Түркі халықтары
Жақұты бар жанға жасыл түспес. Мынандай бір тəмсіл сөз бар. Асыл тас əр түрлі болады. Адамдар оны жүзікке көз етіп салады. Сондай жүзікті саусағына..
© Түркі халықтары
Көп сөзді ұғуға болмас,Биік шоқыны июге болмас.Бұл мақал сөзді ұзартпауға үндеп айтылады.
© Түркі халықтары
Алдырған анасының қойнын ашар.Бұл мақал затын жоғалтқан əумесер жанның қандай жерден болса да іздеуге қақылы екенін айтады.
© Түркі халықтары
Іс ыңғайына (қарайды),Сарт пайдасына (қарайды). Саудагер пайданы көрсе, ең қымбат затын да сатып жіберетінін ескертеді бұл мақал.
© Түркі халықтары