Жібек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Жібек жамау жібекке (жарасар),Бөз жамау бөзге (жарасар).Бұл мақал əрқандай зат өзінің тегіне қарай жіктеледі деген ойды насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Уақыт пен сабыр тұтты жібекке айналдырады.
Арзан нәрсе жерде жатар,
Парша, жібек төрде жатар.
Жібекке жібек жамаса,
Жүнге жүн ғана жарасар.
Жібек тозса, есекке
Жабуға да жарамайды.
Жібекті ұстай алмаған жүн қылады,
Қызды асырай алмаған күң қылады.