Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Жорғадан туған жортақ бар,
Батырдан туған қорқақ бар.
Атты жолдас болмайды
Арбалымен.
Жортақ жолдас болмайды
Жорғалымен.
Аттының несібесі — алтау,
Жаяудың несібесі — жалқы.
Байтал түгіл,
Бас қайғы.
Алысты жақындататын— ат,
Жақынды алыстататын— жат.
Бір биеден ала да туады,
Құла да туады.
Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.
Тістейтін жылқы,
Тісін көрсетпейді.
Жарамсыз ат жан қинар.
Арғымақ атқа, тай төлеу.
Жаман айғыр үйірін
Жауға алғызар.
Атдорба түбін жаламай,
Ат тоймайды.
Ат — адамның қанаты.
Құлындаған биеден
Құдықтағы су артылмас.
Аңқау астындағы атын
Алты ай іздепті.
Аттыға еріп,
Жаяудың таңы айрылыпты.
Бие қоста жүріп терлесе,
Құлын босқа жүріп терлейді.
Жауыр атқа жіп құйысқан.
Атының сыры иесіне мәлім.
Атыңды қамшымен айдама,
Жеммен айда.
Ат мінбей,
Атыңды мақтама,
Жыл тұрмай,
Қатыныңды мақтама.
Жапалақ сипағанмен
Сұңқар болмас,
Жабыны мақтағанмен
Тұлпар болмас.
Жүйрік бестіден шығар,
Кеңес естіден шығар.
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап көп жусайды.
Асыл ердің баласы.
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Атты ақысын жаяуға жібермейді.