Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жақсы нәрсенің жолға шығуы – жаман нәрсенің соңынан келеді.  
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адаспaйды. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Тән мен жан – сабақтас, екеуі – бірінен бірі қалыспау керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Дұрыстық — бұрыстықты білмеген жұрт азады. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек.  
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту.
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Арзан пәлсапа алысқа апара алмас.  
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек.
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Зор болам деп, түбінде ұсталып түрмеде қор боласың, өлігіңді де жайына қалдырмайтын адамзат қасіретіне айналасың!
©  Абдраманов Арсланбек
Мың досыңнан, бір бауыр артық!
©  Абдраманов Арсланбек
Лас адамдарға көп ашық сөздер айтқаныма өкінемін! Таза адамдарға көп лас сөздер айтқаныма өкінемін!
©  Абдраманов Арсланбек
Далаға мысық, үйде ит боп керек емес, керісінше далада адал пысық, үйде ыңғайлы қасық бол!
©  Абдраманов Арсланбек
Бүгін дос, ертең қас, бүгін үшін ауыртпа бас!
©  Абдраманов Арсланбек
Ешкімге сенбе ешқашан, кешірім сұрап келсе де, сақ болшы үнемі әрқашан!
©  Абдраманов Арсланбек
Оқу инемен құдық қазғандай.
©  Оралбек Бек
Өзің жаман болсаң, жұрттың бәрін айуан көресің!
©  Абдраманов Арсланбек
Бәрі ойдағыдай болғанын қаласаң, өзің жаса! 
©  Абдраманов Арсланбек