Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
192
Құштарлана құшып тұрып...
Құштарлана құшып тұрып,
Гүлім, ̶ дедім.
Құшағыма қысып тұрып,
Күнім, ̶ дедім.
Жарқырап күлімдедің.
Балқыған оттай денең ысып, суып,
Дірілдедің.
Қыран едім шарлаған,
Бұл өмірдің қырын, жонын,
Сен қырғауыл
Назарыма түспеген бұрын менің,
Аспаныма ұшып шығып,
Жақсы болды-ау жанарыма ілінгенің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇