Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
302
Батысты малып қызыл сиясына....
Батысты малып қызыл сиясына,
Күн алаулап еңкейді ұясына.
Маңайды әнге ұйытып жылқышы тұр
Шығып ап биік таудың қиясына.
Төменде асау өзен тасты аунатқан,
Оран-бұрым
Бұлақ шұбап шашбау таққан.
Сал жігіт сәйгүлігін сәндеп мініп,
Жалтақтап көз алмайды бастау жақтан,
Келмей қалып көп аңсап тапқан айы,
Кесіле ме шынымен бақ-талайы?!
Күдіктеніп тұрғанда
Жас арудың
Жарқ етті қос шелегі ақ қалайы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇