Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  72


Автор: Исраил Сапарбай

АҚЫН

Аспанда – Құдай,
Жерде – Мен
Кеңдiктен кемдiк көрмеген.
Әлемдi әнмен тербеген,
Жаһанды жырмен зерлеген.
Аспанда – Құдай,
Жерде – Мен
Пейiлi ортақ пендемен.
Бес күндiк мынау жалғанда
Ешкiмнен еншi бөлмеген.
Аспанда – Құдай,
Жерде – Мен
Көгенге көңiлi көнбеген.
Қақпанға түссе, қасқырдай
Жарасын жалап емдеген!
Аспанда – Құдай,
Жерде – Мен
Ханға да сәлем бермеген!
Зердесiн муза әлдилеп,
Кеудесiн ыза кернеген!..
Аспанда – Құдай,
Жерде – Мен,
Өлеңi барда өлмеген.
Денесi дертiп шерменен,
Елесi көкте көлбеген...
Аспанда – Құдай,
Жерде – Мен!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу