Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  84


Автор: Талап Қараш

Ұшу

Ұшып жүрмін түсімде,
Айналып құс мүсінге.
Пенде дүние көз тігіп,
Қайран күйге түсуде.
Жерге тиіп табаным,
Кенет дамыл табамын.
Анашым тұр жанымда,
Суарып маған жанарын.
Көктен жұлдыз үзіппін,
Көзіндей ғана жүзіктің.
Ұсынсам анам алмайды,
Жырларына тізіп мұң.
«Еліңе көрсет асылды
Сақтап ұстап тасыңды»,
деп сабырлы тіл қатты,
Көңілім судай тасынды.
Ояна кетсем жатырмын,
Әшейін бір пақырмын.
Қанат бітіп кетердей,
Таңды көзбен атырдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу