Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  126


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жарыл жүрек!

Жарыл жүрек!
Қонақжай бір қос деп пе?!
Қосымызды тар демеуші ек, дос көпте.
Дос азайды, азған көңіл жұртына
Қараңдаршы,
Әсем гүлдер өспеп пе?
Гүл өспесе, өскен шығар қара ағаш,
Білем, соңы болмайды ғой жалаңаш.
Әкел бермен өзім үшін – домбыра,
Жауым үшін –
Әзірлейін дарағаш.
Қара ағаш та өспепті деп келді әлгі,
Пах, пендем-ай!
Белгі болар нең қалды?!
Өзім барып үңіліп ем, көргенім –
Жетім қаңбақ, қалбаңдайды – кем халді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу