Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  72


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Сырымды кiмге ашпадым? –

Сырымды кiмге ашпадым? –
Тыңдады тамшы, шық бәрi.
Бiрi де сенен басқаның
Жанымды бiрақ ұқпады.
Махаббат миын жаулаған
Жан екем аңқау, ақымақ.
Жалынның сырын лаулаған
Түсiнсiн қайдан жапырақ?
Осылай жұмбақ күн кешiп,
Өмiрге жүр ем өкпелеп.
Өзiңмен бүгiн тiлдесiп,
Жүздесiп қалдық
Шоқ пен от.
Демiмiз бiздiң жиi ысып,
Сәулелi сырлар шерткенбiз.
Жалын мен орман сүйiсiп
Айналып кеттiк өртке бiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу