Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.08.2022
1273
Таң қалдырған әлемді Роза әндері
Күміскөмей даусымен дараланып,
Таң қалдырған әлемді Роза әндері.
Қаһарманы халықтың әнші апамыз,
«Тарлан» атты сыйлықтың иегері.
Ән салғанда жанын сап айтар әнші,
Тым ерекше даусымен дараланған.
Оның аты өлмейді қазақ барда,
«Күміскөмей әнші» деп бағаланған.
Мақтанамыз қазақтың бұл қызымен,
Соққан еді жүрегі «қазағым» деп.
Бет-бейнесі апамның ұлттық киім,
Ән айтатын Роза апам тек күлімдеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇