Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
178
Қаншама әйел биік арманы
Қаншама әйел биік арманы
Жүректен ащы шер төкті.
Сүйе де алмады, сүйдіре алмады
Еңіреген не бір еркекті.
Енді кеп дауға салма соларды.
Сүйсе де Хафиз, Хаямдар,
Алтын сақина арбады оларды,
Алдады оларды аярлар.
Кеудесін ғалам ашқан құстарға,
Өмір мен өлім өтінде:
Муза – Ләйләлар аспанға ұшқанда,
Қалды олар –
Жердің бетінде.
Көркеуде тірлік көрікті алады,
Дидарда нұр жоқ, шабыт та:
Мыстан кемпірдей өліп барады, –
Төсек
Дейтұғын
Табытта...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇