Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  166


Автор: Нұрлан Қалқа

Жетісу - алтын бесік

Төр жайлауым – Шəлкөде, Құр-Қарқара,
Хас сұлудың бөркiндей тұр Қарқара.
Мыңжылқыда дəм татып бал қымыздан,
Шертсем деймiн шiркiн-ай, сыр қалқама.
Белден келер шiлдеде жасыл шалғын,
Жасыл шалғын төсiнде асыр салдым.
Шарын ассам, қол бұлғар Қулық тауым,
Желкесiнде тұрғандай ғасыр-шалдың.
Талай-талай сай-сала, тауыңды астым,
Сар даламды мұншалық сағынбаспын.
Жер жаннаты – Жетiсу – алтын бесiк,
Пейiш iздеп сен барда сабылмаспын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу