Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  752


Автор: Айнахан Есетова

Экология

Аңсай күтіп ағыл-тегіл бір нөсер,
Көз алдымда көктем солды обал-ай!
Ойлағанмын қайрылып бір тілдесер,
Беталдына бұлт безеді жоламай.
Көктем солды, күдер ме әлде үзілген,
Шөлдеулі жаз талықсыды, жанкешті.
Не күтеміз тұл жалаңаш бұ күзден,
Жадау қайың жалаңаяқ баз кешті.
Жадау қайың, жарық-жарық балтыры,
Қамсау болмай, жұқа қабық құрғаулы.
Мазалайды Жер Ананың тағдыры,
Қарсыз қыстың, сұры неткен ызбарлы.
Р. С.
Жерік тағы Жер Ана қыз көктемге,
Бал аңсаулы сор татыған таңдайы.
Гүл өсер ме екен тақыр бөктерге,
Не болады келер жылдың жағдайы?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу