Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
158
АҚША ҚАР ЖАУЫП ТҰР...
Сұлулық тәңірінің елшісіндей,
Сәбидің көңіліндей,
Тазалық пен пәктіктің еншісіндей,
Еш күнәсіз боздақтың өміріндей –
Ақша қар жауып тұр.
Адал ардай, жүретін қапалатпай,
Сүйген жар жүрегіндей,
Алғашқы махаббаттай,
Пейіліндей ананың, тілегіндей –
Ақша қар жауып тұр...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇