Ғұсыл алу: түсінде жұма намазына бару үшін ғұсыл алу—күнәларына тәубе етуді, ата-анасы мен туғантуыстарына жәрдем беруді білдіреді. Ғұсыл алғаннан кейін жаңа киім кимегенін көрген адамның басынан бәлекет арылады. Ғұсылды толық алған адам— жұмысын толық бітіреді. Ғұсылды толық алмаған адам—жұмысын толық бітіре алмайды. Ғұсыл алу үшін хауызға немесе кішкене құдыққа түскенін көрген адам бойдақ болса, үйленеді. Түсінде ғұсыл немесе дәрет алғанын көрген адам—ұрланған нәрсесін тауып алады. Қыста мұздай сумен ғұсыл алу—қуаныштың белгісі. Танымайтын әйелдің ғұсыл алып жатқанын көру—жаңбыр жауатынын білдіреді. Түсінде өлікті жуу—оның қарыздарының өтелетінін; өліктің өзінөзі жуғанын көру—бала-шағасының молшылыққа кенелетінін, балалы болатынын білдіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter