Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  106


Автор: Сұраған Рахметұлы

Тұманды кеш, бейуақыт тыныштық...

Тұманды кеш, бейуақыт тыныштық,
Бетіме кеп еріген қар
Тым ыстық.
Желдің демі мейірімді ме тағы да?
Құрақ үсті жаудыраған күміс түк.
Қайтқан қаздар қаңқылында қаңғырып,
Сағыныш боп оянады жаңғырық.
Бұйра шашын бұлғап ағып барады,
Қарасудың тамырына қан жүріп.
Боз түнектің жырым шетін жөрмейді оқ,
Өмір шығар ол мейлі...


– Оһ!
Біздің үйдің жұрты жатыр
– Уақыт...
Ақ параққа жаңа басқан мөрдей боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу