Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  141


Автор: Жангелді Немеребай

АҒАНЫ АҢСАУ

Жыр күтіп әр шақта менен,
Демеу боп шаршатпаған ең.
Тірлікте алшақтамап ем,
Бір сәтке өзіңнен аға.
Күніге сұрап хәлімді,
Тілеуші ең гүл атқанымды.
Шешуші ең сұрақтарымды,
Жоқтығың сезілген аға.
Кездерде жаным жылаған,
Тосушы ең барыңды маған.
Сен кетіп тауым құлаған,
Өзіңді сағындым аға.
Ән күтіп әр шақта менен,
Демеу боп шаршатпаған ең.
Шақырып аржақтағы әлем,
Әкетті-ау сағым-ғып аға.
Түсініп тентек ініңді,
Көтердің еркелігімді.
Әй,өмір...
Келтелі, мұңлы
Тағдырға бағындым аға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу