Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
236
Қоғамда құлдық сана асқынып тұр...
Қоғамда құлдық сана асқынып тұр,
Тәуелсіздік табанын тас тіліп тұр.
Мәңгүрттер өміріне мәз боп жүрсе,
Ұлтшылдар жанарында жас тұнып тұр.
"Теңгені рубль қыл"- деп өз қазағым,
Еркін елдің қадірін қаштырып тұр.
Кейбіреу кешегі өткен одақты аңсап,
Толқыған ұлт көңілін пәс қылып тұр.
Қазақ сөзін сөйлеген тұлғаларды,
Бәзбіреу өз халқына қас қылып тұр.
"Х-фактор" сияқты жын жобалар,
"Қазақстан дауысын" бастырып тұр.
Төл өнерін паш еткен өнерпазға,
Космополит қандастар рас күліп тұр.
Кей жастарды азғырып жат ағымдар,
Саналарын улаумен мас қылып тұр.
Ұлттық мүддең тұрғанда ыдырамай,
Аз қазағым,бөлінбей... Бас біріктір!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇