Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  105


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шал

Кейде елге бара қалсам жолым түсіп,
Аңқылдап шалым келіп қолым қысып:
–Сағынып қапты мынау жаман кемпір..
Кеп тұрсай...
Жарамайды оның күшік!–
дейді де шаруасын ыңғайлауға,
Кетеді, не демекпін мұндай дауға?
Кешкісін шақырып ап сыр тартады,
Өзі де мен жайында сыр байлауға.
Ол маған еміреніп, езілмейді,
Тереңде толқып жатыр сезім, бейілі.
Менен сол сырдаң мінез сезіп қалса,
Білемін ұзақ түнге көз ілмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу