Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  232


Автор: Ибрагим Иса

Тұрар едік сыңсыған орман болып...

Тұрар едік сыңсыған орман болып,
Миллиондарды тастадық қолдан көміп.
Қуып жете алатын түріміз жоқ,
Бара жатқан ғасырды арманға еріп.
Ғасыр дейтін ғажайып алып көшпен,
Кеткен жаққа қаншама жарық көшкен.
Қайыршылық деген ұл кетті есейіп,
Бір кездері кіндігін халық кескен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу