Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
228
Мейлі, мені біреулер сынай берсін...
Мейлі, мені біреулер сынай берсін,
Міней берсін, онысын шырай көрсін.
Шаңқай түсте адасқан тағдырымды
Құдайсынған көрмесін, Құдай көрсін!
Көктемім-жыр, тұрса егер
жазым əн боп,
Ақтарылар едім-ау, қазынаң боп.
Қоңыр күзде құс
қайтсын қоңыраулатып,
Тоңын аунатып қыс келсін,
базынам жоқ!
Көктемім-жыр,
тұрса екен жазым əн боп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇