Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
177
Қыдашқа барғанда
Ассалаумағалайкүм, Кенжеқара!
Маман боп бір ауылдан шықтың дара.
Оқыдым деп жиырма жыл оттаушы едің,
Енді қалай боласың бара-бара?
Тышқаншылап қалыпсың арыстаным,
Ұмыттың ба кеудеде намыс барын,
Анау-мынау ыңқылға көне берме,
Сөз қылмасын басқа да таныстарың.
Жасыңнан сері болдың бүлкілдеген,
Мінезің бар кейде бір дүркілдеген.
Жетер енді ел-жұртқа күлкі болма,
Алпыс асқан кеудемен күркілдеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇