Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
187
Арқырай жеткен ақбозым...
Тәнімді тоңған періште болмыс жылытты...
Арбадың мені,
суырды сәулең жанарды...
Күпілі күздің соңынан жеткен тұлыптым,
Арудың аппақ тәніндей, ардай адалдық!
Жатырсың аяқ асты боп...
қайран қар мына..
Басуға және көз қимас.
Біреу кеп інжу-меруерт шашып алдыма,
Кеткен бе өзі...
іздеу де қиын өзге ұйқас.
Жасындай оқыс жарқ етіп,
пайда болдың-ау,
Пәсейіп көңіл ,жабырқау тартқан шақта өзің,
Кешегі көктем, жаз бенен күздің орнына
Қоңыраулы шана жетекке ап,
оралып соққан Ақ бозым!
Аяғым асты сықыр да сықыр саз қалың...
Сезімнің мың сан шырағын-дағы маздаттың.
Менің де аппақ көңілімнің қары-саздары
Орай да борай жауып бір кете жаздап тұр!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇