Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  99


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Шибөрілер

Алла менің ашып еді бағымды
Шибөрілер иектеп жүр маңымды.
Қарпып жұтып қолдарынан келсе егер
Қарақшыдай тонап алмақ барымды.
Сақшыға айтсаң бұған қандай бар шара?
Ол да сенің қол сұғады қалтаңа
Айбат шегіп қорқытқансып көз алдап
Бірін-бірі түсінісіп тартады, ə.
Ол да сені мəз болады сауып қап
Осыдан соң қанеки жол тауып бақ.
Ойда жоқта таба ма деп қапысын
Қылмыскермен бірге жүру қауіпті-ақ.
Кейде тіпті атып салғың келеді
Ажал оғын қақ маңдайға бағыттап!
Кейде тіпті бауыздағың келеді
Еш аяусыз ішек, қарнын жарып сап!
Бұл ойымды қатыгездік деме сен
Шибөріге кету керек неге есем?
Қолды қанға бояр едім өкінбей
Жазылмаған жырларым бар демесем.
Қылмыскерлер қасқыр емес шибөрі
Шибөріге кету керек неге есем?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу