Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  217


Автор: Дәуітәлі Стамбекұлы

Ерке дейді...

Ерке дейді,
Ел сені сұлу дейді,
Айдан жарық дидарың күлімдейді.
Сүйілуге ерінің бейімделіп,
Бір жігітті күтеді,
Дірілдейді.
Сеземін мен ғашықсың сен біреуге,
Жаның таза,
Тұп-тұнық мөлдіреуде.
Бірде тулап,
Ал бірде соғады жай
Жаратылған жүрегің елжіреуге.
Сендей қыздар әркімге жолықпайды
Сендей қыздар қиялда қалықтайды.
Сендей қыздар жеткізбей,
Жүректерге –
Қадалады бақ емес,
Болып қайғы.
Мың рахмет!
Жамалың,
Жаз нұрыңа,
Қосқаны үшін әуен мен саз жырыма.
Әсемдікті аңсатқан,
Құрметтеткен
Сендей қыздың ырзамын аздығына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу