Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  246


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Билеймін еркін, жазамын өлең...

Билеймін еркін, жазамын өлең,
Күй толы кеудем бұл күнде.
Білмеймін менің ажалым неден,
Келмейді оны білгім де.
Кетерім анық жасалмай ғасыр,
Тыншыса болды көңілім.
Тірлігім қанша, достардың асыл
Ақтамай өтсем сенімін?
Ойымда содан жетпейді шыдам,
Мазасыз атып әр таңым.
Қалдырмай туған далама бір ән
Кетемін бе деп қорқамын..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу