Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  142


Автор: Аманхан Əлімұлы

Үзіліп сары жаздың ақырғы əні...

Үзіліп сары жаздың ақырғы əні,
Өксігін басалмай жел жатыр ма əлі, –
Құлаққа шалынады жұмбақ сыбдыр,
Сабаннан суырылған шатырдағы.
Қабағын қарс түйіп қарай ма Күз,
Суық сөз қуған елге тарайды аңыз, –
Еріксіз сезім билеп бойды алған,
Сүйісіп тұрғанда ескі сарайда біз.
Қиыла қаққан көктің боз қасындай,
Сұп-сұйық салқын сəуле созбасын ба Ай?..
Ерніме кермек тамшы тиді жұмсақ,
Жып-жылы өтпе жаздың көз жасындай.
Жайылған қараңғылық тарапты інге,
Тұрсың сен мысық көз Ай қарап кімге?!
Бойына тыныштықтың қан жүгіріп,
Қызығын қиды жастық барақ түнге.
Күрең Күз тыныш тапты иіп басты,
Балымен алмастырып күйікті асты.
Суық сөз, кермек тамшы, ыстық ерін,
Бұл деген əңгіме емес тиіп қашты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу