Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  161


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен туралы ойлаймын

Қызарып күн батса да,
Ағарып таң атса да,
Сен туралы ойлаймын.
Бұлбұл сайрап бақшада,
Сылдырап су ақса да,
Сен туралы ойлаймын.
Қыздар күлім қақса да,
Алтын алқа тақса да,
Сен туралы ойлаймын.
Кемпір-шалдар жатас да,
Қақпаларын жапса да,
Сен туралы ойлаймын.
Жұрт ұйқыға батса да,
Жан рахат тапса да,
Сен туралы ойлаймын.
Талай сұлу жақса да,
Жүрегімді пәк сана,
Сен туралы ойлаймын.
Ойлауымды қоймаймын,
Қашан бірге тойлаймын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу