Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  160


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЖАУАПСЫЗ СҰРАҚТАР

Сіз қайда болдыңыз
Жасыған, жылаған кезде,
Жақынын сұраған кезде,
Жаманның сөзінен
Жабырқап жылаған кезде?
Ғайыптан пайда болдыңыз
Қара бұлт тараған кезде,
Қатарға жараған кезде.
Қанатсыз балапан едік,
Қыранға балаған кезде.
Сіз қайда болдыңыз
Дара қап, сағынған кезде,
Дауа жоқ, бағынған кезде,
Дауысың естілмей,
Дауыл да қағынған кезде?
Ғайыптан пайда болдыңыз.
Жарығым, көкем дедіңіз.
Жалпыдан бөтен дедіңіз.
Жаныңа керек болсам,
Жан пида етем дедіңіз.
Сіз қайда болдыңыз
Кері күн тоз қылған кезде,
Күз келіп, боз қылған кезде,
 Керегің кейінде қалып,
Күресің тоздырған кезде?
Артық, білем,
Айлаңыз, күресің де,
Артығырақ ойыңыз, үлесің де
Айтамыз да қоямыз,
Білесіз бе?
Апардың да тастадың күресінге.
Жанымыз бірге ед,
Жаныңыз бір бет.
Жаман дей берсін,
Сәніміз бірге ед.
Жоқ бізде өкпе,
Қуаныш та жоқ,
Жалған күндер-ай,
Қалдырған бір шет...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу