Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  145


Автор: Абдрахман Асылбек

Достарым

Әнін жазған Ділмұрат Бахаров

Достық деген өмірде
Қуаныш қой көңілге,
Сағынуым тегін бе?
Менің мақтанашым
Достар – сөнбес сенімім
Көңілдегі көрігім,
Асу бермес берігім,
Алып асқарлы шың.
Достарым менің
Бақытқа бастайды шын.

Қайырмасы:
Достарым-ай достарым,
Ашық күнгі аспаным,
Өздеріңмен қағамын қанат,
Достарым-ай достарым
Мөлдіреген бастауым
Көздеріңнен қанамын нәр ап,
Достарым менің.

Достық деген – махаббат.
Алтын арай шапағат,
Болмас мінез жат, ағат;
Бірге туғандаймыз –
Достық деген әу бастан
Жақсылықпен жалғасқан,
Достық деген – ән дастан,
Қызық қуғандайымыз –
Достарым менің,
Шалқыта думандаймыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу