Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  138


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТУҒАН ЕЛ

Бір ғажап сезімге бөлейді ажарың,
Кең дала, бай өлкем, бауырмал қазағым.
Күн шалған күмбездей жарқырап өнерің,
Аударып тұрсың сен əлемнің назарын.
Шалқысын жар салып асқақ əн:
Бір саған мың алғыс туған ел!
Өтерміз аянбай төгіп тер,
Сен мəңгі көркейіп жасай бер!
Тəуелсіз ел-жұртым, жаңғырған санасы,
Теңдікке ұмтылса, кімнің бар таласы.
Береке, бірлікке шақырған біздерді
Бөлінбес еншіміз – қазақтың даласы.
Шалқысын жар салып асқақ əн:
Бір саған мың алғыс туған ел!
Өтерміз аянбай төгіп тер,
Сен мəңгі көркейіп жасай бер!
Сапырған қымыздай ен дəулет, дəніміз,
Гүлденіп туған жер, көркейсін сəніміз.
Бəсеке, бəйгеде шабамыз намысқа,
Беу, алтын шаңырақ, сен үшін бəріміз.
Шалқысын жар салып асқақ əн:
Бір саған мың алғыс туған ел!
Өтерміз аянбай төгіп тер,
Сен мəңгі көркейіп жасай бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу