Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
283
ШЫҢҒА ӨРЛЕУ
Жөн бе екен Оқжетпестің басын көрмеу,
Қызық қой қыз қыдыртып тасына өрлеу.
Шықтым мен жаныма ертіп жас сұлуды
Теріскей-батысынан шыңның көлбеу.
Шілденің шыжып тұрған талма түсі,
Қызара қыздың бөрткен алма түсі.
Жүзіне қайта-қайта қарағыштап,
Жөнелдім жолын бастап алға түсіп.
Қиялап қия тұсты қабағы тік,
Өрлеймін оқшау тұсын орағытып.
Қулықтай құлыныма мойын бұрған
Аруды əлсін-əлсін алам күтіп.
«Тоқтама, тоқтамалап», тоссам болды,
«Өзім» деп өзеурейді, созсам қолды.
(Жігіттер, қия таста қыз тосыңдар,
Кемері кеудесінің соншама оңды!)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇