Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  172


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ОЛ ТУРАЛЫ ОЙ

Тағдырдың тауқыметін көп көрген. Көп! –
Қатыгез, кекшіл тартар кейбір кісі;
Жүрегі мұның жұртты жек көрген жоқ,
Ол қайта жан біткеннің мейірлісі!
Бар еді жас жанында бір қаталау,
Сусыны – зəм-зəм кітап, өршіл арман,
Ойлыға өмір кейде тым қатал-ау,
Сол үшін соққы жеді тоғышардан.
Сонда да құрық бермей құмарлығы,
Оқыды өз бетімен, Ай нұрымен,
Өмірдің өзі – мұның мұғалімі,
Сен оны салыстырма бай ұлымен.
Мұңды-шат терең ойға шын ғашық-ты,
Əлемнің бар кітабы – дипломы;
Еріксіз шыңыраудан шыңға ап шықты...
Тынымсыз еңбекқорлық сөйтіп оны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу