31.01.2022
  111


Автор: Бейсебай Кірісбаев

Жаталақ

Қарап күлер кісі көп,
Есегім бар түсі көк.
Арқасына жабысқан
Менімен түк ісі жоқ.

Көк жалқаудан аумайды,
Тек үй жаққа заулайды.
Қыши қалса жотасы,
Жата қалып аунайды.

Болсам дағы қатал-ақ,
Көк есегім жаталақ.
Мен түгілі атамнан
Ұялмайды сақалы ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу