15.12.2021
  339


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Мейрімділік тербейтін айналасын,
Тыныштықпен көмкерген сай-саласын.
Әжелерім, ардақты аналарым,
Ұсынатын мейрамда жал-жаясын.

Құтты болсын мереке келіп жеткен,
Қуандырып баршаны, бақытты еткен.
Бұл көктемнің алғашқы мерекесі ,
Күн күлімдеп аспанда, нұрын төккен.

Күндеріңіз көп болсын жайма-шуақ,
Қуанышын берсінші, Алла қуат.
Көктемдейін құлпырып жайнаңыздар,
Күннен-күнге болып сіз бақыттырақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу