Өлеңдер ✍️

  30.11.2021
  212


Автор: Жібек Ысқақова

Жаңа 2022 жылға тілек

Екі мың жиырма екі жылы келсін,
Суығына тоңдырмай, жылы келсін.
Әрбір адам қуанышпен сәлем жолдап,
Бауырмал боп бір-біріне жылу берсін.

Бұл жаңа жыл қуанышын ала келсін,
Құшағымыз шаттыққа тола берсін.
Барыс жылы жол салып бақытқа бұл,
Бар жақсылық қайталанып бола берсін.

Ағайындар аман болсын туған-туыс,
Қуанышта, шаттықта жүрек соғып.
Бар қиындық ескі жылда қала берсін,
Жаңа жылда бақытқа құшақ толып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу