Өлеңдер ✍️

  05.11.2021
  157


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Күлдім, ойнадым кезінде

Күлдім, ойнадым кезінде,
Бір күн ойладым: «Сезімге
Кеудем жүргенде күмбірлеп
Құл боп кетпейін, құрғыр», – деп.
Сосын сескеніп, сақтанып,
Судай тазарып, сүттей ақталып.
Жұртқа сыртынан сұқтанып,
Жанасып кетуге шақ қалып.
Жүрдім, қайтейін, заң солай,
Жүрек жұлқынып шаршады-ай.
Кеше көз қырын салмайтын
Қыздар құлпырып қаршадай,
Қарайды о жаққа, бұ жаққа
«Түспейміз» дегендей тұзаққа.
«Біздер қонған құстармыз,
Сендер ұшыңдар ұзаққа», –
Деймін, деймін де тынамын,
Кей күні шыңылдап құлағым.
Кей күн өрекпіп жүрегім
Өртім сөнгендей жүремін.
– Бұл не, білсеңдер айтыңдар бір емін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу