Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
176
Қажыдым
«Жалғыздың үні,
Жаяудың шаңы
Шықпайды» деген
Мақалдың мәні
Басымнан өтті,
Қажыдым әбден,
Өмірдің мынау
Жоқ сынды сәні.
Сүйеуші де жоқ,
Демеуші де жоқ.
Өзіме сеніп,
Еңбегіме тек,
Келемін ылғи
Ұмтылып өрге,
Бастырмас алға
Бөгетім де көп.
Көре алмай мені
Құл етпек дұшпан,
Өлімге қияр
Жек көретін де көп.
Қоярым қарсы
Ар, намыс, ұждан
Қос қолым ғана
Беретін көмек.
қажу өмір Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇