Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  286


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Абай, күнім-ай

Қалам алдым қолыма, ей, өрнекпенен,
Бір ғанибет жақсыны көрмек деген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Бір белгісі өнердің, ей, көрінеді,
Жіп тартатын мәшине көлмекпенен.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Мына сөздің келбеті, ей, келген жері,
Бәрі де анық адамға өлмек деген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.

Бағаң артық баласың, ей, әуес қылар,
Кімдер мініп жорғаны терлетпеген.

Абай, күнім-ай,
Ай-күнім-ай,
Апырма(й), айгагай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу