Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  130


Айсұлу Рүстемова‎

Мені ойлап, аяп, тіпті қиналма.

Мені ойлап, аяп, тіпті қиналма.
Бітпейтін дау, құй даулама, құй даула.
Менің мұңым мидай дала мұңы еді,
Тола қоймас бар қажетті жиғанда.
Сәні оның көлеңке мен гүл ме еді?
Гүл шөліңде ұзақ өмір сүрмеді.
Ұғымы кең қазақ үшін ең бақыт
Ен далада атқа мініп жүргені.
Мен үшін де тірлік соған ұқсаған
Бірдеңеден тұратындай, түп санам
Ерік бермей, алып қашты жүремін,
Дала салтын жүрегімде ұстанам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу