Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2021
1996
ТОЙЛАРЫҢ МӘҢГІ ЖАТСЫН ТОЙҒА ҰЛАСЫП
Ғасырдың көші бізді ілестіріп,
Дәуірдің асқақ үні түр естіліп.
Адам, адам келеді жер бетінде,
Мазасыз тіршілікпен күрес құрып.
Күн кешті жақсылыққа құлшынумен
Тілдесті құпиялы тылсым үнмен.
Иман мен ізгіліктің лебі еседі
Жүректің лүп-лүп еткен дүрсілінен.
Дүбірлі думандарға болдым асық.
Шаттықтың шаңыраққа шамын жағам,
Тойларың жатсын мәңгі тойға ұласып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇