Өлеңдер ✍️

  05.06.2021
  530


Автор: Маржан Әлімұхамед

Сәби деген

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім
Сенсіз қалай бақытты боп жүр едім.
Сәби деген сәби деген періште
Анасының құрсағында өсетін.

Өмірді де өзің үшін сүремін,
Болшы менің мақтанышым тірегім.
Балапаным кішкентайым асылым
Ауырмашы аман болшы тілегім.

Анашыңның құшағында күлесің,
Тәй-тәй басып әлі-ақ сенде жүресің.
Азамат боп үлкен болып өсесің,
Тілеуіңді тілеуменен жүремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу