Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  142


Автор: Қадыр Мырза Әли

Баяғыдан таланттың ашық қолы

Баяғыдан таланттың ашық қолы,
Бірте-бірте келеді машық қонып.
Не жетеді сөздердің татуына
Екі жастай қосылған ғашық болып!
Келе жатыр тұп-тура көш бағытта,
Көктем көңіл, құшақты аш бақытқа.
Мен өлеңде некесін қиған сөздер
Ажыраса қойған жоқ еш уақытта.
Діні қайшы сенің көз қарасыңа
Біреулер бар сияқты қара сына.
Тек осылар
Сол ғашық сөздерімнің
Әзәзіл боп кірмегей арасына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу