Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2021
229
Теңізбен бетпе-бет
− Теңіз деген осы ма - деп қараймын,
Шарқ ұрғызған шабыттарын талайдың,
Міндім десем кереметтей кемеге,
Шыққандаймын елдегі бір төбеге.
Айналам кең ай даламдай өзімнің
Сыпырылды томағасы көзімнің:
Толқындары ысқырып жел қайырған,
Қой секілді өзіміздің жайылған.
Деуші еді ғой теңіз сыры тереңде,
Қазақ оны қоса алмас - ты өлеңге.
1957
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter