Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2026
85
Жұбату
Көктемнің пердесін әншім ашатын,
Қыраулы күндерді қамшылататын.
Тағы да төпелей жөнелді ақ нөсер,
Еңселі еңсені жаншып жататын.Шомылып шалшыққа сұрақ дегенің,
Өзімді жаныштап жүр-ақ себебім.
Жұбатып қоям-ау жапырақ біткенді
Жауынмен қосылып жылап келемін.Көтеріп бар мұңды мүлгіп жол жатыр,
Тас жолда шалшықпен шайып сонша кір.
Жұбатып қояды көктеми көрініс:
Қызыл шам, жасыл бақ, сары қолшатыр.Сұп-суық сүлделер сүзіп жанарын,
Барады ұнатпай кейпін даланың.
Ойлана-ойлана шатырым кеткен бе
Мен ғана шатырсыз кетіп барамын...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇