Өлеңдер ✍️

  27.07.2026
  35


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ЯПРАЙ, О НЕСІЕКЕН?

 


Бейнемнен отырғаным ауыса алмай,
Қаламым шабыт жырды тауысардай.
Япырай, сандырақ па, о несі екен?
Соншама ақыл-есім ауысардай.


Құлақты түрем, дауыс күмбіріне,
Бағынам жүрегімнің күнде үніне.
Ішімнен сезілгенмен әлсіздігім,
Сыртымнан көрінбейді, тым біліне.


Жасына жетпей жатып ес білді кім?
Құдірет бәлкім маған кесті ме үкім.
Жүректен өлең болып ауысып ап,
Санама ойлар тұнып көшті ме екен.


Өзімді шын ұмытып елемеппін,
Әйтседе күш береді, демеп екпін.
Неліктен ішкі әлемім алай-дүлей?
О, тобаа, сабыр берші, не деп кеттім?


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу